Жер ядросының жоғары температуралары мен қысымдарындағы темiр фосфидтерiнiң жай- күйi теңдеулерiнiң алғашқы реттi есептерi
Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 107
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-131-2-35-41Аңдатпа
Бұл жұмыста тығыздық функционалының теориясына негiзделген компьютерлiк модельдеу әдiстерiмен
Жердiң iшкi ядросының P-T парметрлерiне сәйкес келетiн жоғары қысымдар мен температуралар кезiнде Fe 2 P және Fe 3 P темiр фосфидтерiнiң күй теңдеулерi зерттелдi. Pnma және P-62m симметриялы Fe 2 P екi құрылымы, сондайақ I-4 және Cmcm симметриялы Fe 3 P екi құрылымы қарастырылған. Fe 2 P және Fe 3 P бiрiншi тектi фазалық өту қысымы орнатылған. Квазигармоникалық жақындауда торлы динамика әдiсiмен әрбiр қаралған кристалдық құрылым
үшiн термиялық әсерлердi ескере отырып, 400 ГПа қысымына дейiн P(V) күй теңдеуi салынды. Жердiң iшкi ядросының қысымы кезiнде Fe 2 P-Pnma және Fe 3 P-Cmcm фазалары термодинамикалық тұрақты болып табылатыны анықталды.