Жер ядросының қысымындағы темiр фосфидтерiнiң жай-күйi теңдеулерiнiң алғашқы реттi есептерi


Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 49

Авторлар

  • Т Инербаев
  • А Базарбек
  • Н Сагатов
  • А Акилбеков

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-130-1-44-49

Аңдатпа

Бұл жұмыста компьютерлiк модельдеу әдiстерiмен жер ядросының шарттарына сәйкес келетiн қысымда
темiр фосфидiнiң күй теңдеулерi зерттеледi. Fe 2 P үшiн Pnma және P-62m симметрия құрылымдары, ал Fe 3 P
үшiн I-4 және Cmcm симметрия құрылымдары қарастырылған. Әрбiр қаралған кристалды тор үшiн термиялық әсерлердi ескерместен және 200 ГПа-ға дейiнгi қысымдардағы P(V) күй теңдеуi салынды. Жай-күй теңдеулерiн есептеу қарастырылған қосылыстарда магниттi ретке келтiрудi есепке алу және есепке алусыз жүргiзiлдi. Магниттi тәртiп Fe 2 P-Pnma және Fe 3 P-I-4 кристалдарына арналған төменгi қысым аумағындағы P(V) функциясының мiнезқұлқына қатты әсер ететiнiн көрсетедi. Мұндай тәуелдiлiк қысымға байланысты қарастырылған қосылыстардың магниттiк моментiнiң есептелген тәуелдiлiгiмен жақсы корреляцияланады. Сондай-ақ қарастырылған құрылымдардың салыстырмалы тұрақтылығы зерттелдi. Fe 2 P-Pnma торы қарастырылған қысымның барлық диапазонында тұрақты болып табылады. Fe 3 P-I-4 құрылымы төмен қысым аймағында тұрақты болып табылады және Fe 3 P-Cmcm фазасына өту 25 Гпа қысымда орын алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-05

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Инербаев, Т., Базарбек, А., Сагатов, Н., & Акилбеков, А. (2022). Жер ядросының қысымындағы темiр фосфидтерiнiң жай-күйi теңдеулерiнiң алғашқы реттi есептерi. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 130(1), 44–49. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-130-1-44-49

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)