Slow–roll inflation in the power-law scalar model


Қаралымдар: 173 / PDF жүктеулері: 139

Авторлар

  • Aisara Ratbay Физика астрономия

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-153-4-20-28

Кілт сөздер:

Инфляция, баяу сырғу параметрлері, жалпыланған гравитация, Хаббл параметрі.

Аңдатпа

Бұл жұмыста космологиялық уақытқа қатысты дәрежелік заң бойынша өзгеретін скаляр өрісі тудырған инфляциялық модель қарастырылады. Осындай болжам плоский FLRW метрикасында Эйнштейн–Клейн–Гордон теңдеулерін аналитикалық шешуге және ерте Ғаламның негізгі динамикалық шамаларының тұйық түрдегі өрнектерін алуға мүмкіндік береді. Берілген скаляр өріс профиліне сүйене отырып, Хаббл функциясы мен масштабтық фактор есептеледі, бұл жеделдетілген кеңеюдің қалыптасуын бақылауға жол ашады. Өрістің потенциалы мен оның туындылары қозғалыс теңдеуінен тікелей қалпына келтіріліп, Хабблдық және потенциалдық баяу сырғу параметрлерінің аналитикалық түрін алуға мүмкіндік береді. Аталған параметрлердің уақыттық эволюциясы баяу сырғу жуықтауының қолданылу аймағын және инфляциялық кезеңнің табиғи аяқталу уақытын анықтау үшін талданады. Алынған нәтижелер дәрежелік формадағы скаляр өрісінің конфигурациясы инфляцияның тұрақты кезеңін қамтамасыз етіп, Жалпы салыстырмалылық шеңберінде баяу сырғудың негізгі ерекшеліктерін дәл сипаттай алатынын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ratbay, A. (2025). Slow–roll inflation in the power-law scalar model. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 153(4), 20–28. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-153-4-20-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи