а- бөлшектердің 9Be ядросымен соқтығысу кезіндегі серпімді шашырауының жаһандық заңдылықтары
Қаралымдар: 160 / PDF жүктеулері: 185
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2023-143-2-24-35Кілт сөздер:
серпімді шашырау, нақты және жорамал потенциал, Вудс-Саксон, феноменологиялық талдауАңдатпа
Мақалада а+9Be ядролық жүйеніңтөмен энергия диапазонда серпімді шашырау қимасының эксперименталдық деректерінің сипаттамасына зерттеу жүргізілді. Алынған қималар параметрлерінің үдетілген ион энергиясының өзгеруімен тәуелді жалпы заңдылықтары белгіленген. Оптикалық модель (ОМ) шеңберінде талдау негізінде энергиялардың кең диапазонында өзара әрекеттесудің энергетикалық тәуелді оптикалық потенциалдары табылған. Жүйелі талдаудың нәтижесінде анықталған потенциалдырдың энергетикалық заңдылығы эксперименттік өлшеулер жүргізілмеген энергия кезіндегі процестердің қимасын жеткілікті дәлдігімен болжауға мүмкіндік береді. Ядролар арасындағы әсерлесудің кешендік функциясы болып табылатын потенциал, шашырау процесінде өзара әрекеттесуді сипаттайтын эмпирикалық өлшем болып табылады. Потенциалдың сыртқы факторларымен тәуелділігін құру зерттеулерін әрбір ядролық жүйесі үшін жеке жүргізу қажет. Феноменологиялық теориялардың дәлдігін арттыру мақсатында жасалатын мұндай талдаулар эксперименталды деректердің үлкен массивіне сүйенуі тиіс. Феноменологиялық тәсілдердің нәтижелерінің шынайлығын нақтылау үшін теориялық тұрғыдан потенциалдардың және толық реакция қиманың энергетикалық тәуелділіктерінің жаһандық заңдылықтарын анықтау дұрыс болады. Мақалада α+9Bе процесі үшін зертханалық Elab=30 - 60 MeV энергия аралығындағы эксперименттік деректер жиынтығын жүйелі талдау негізінде потенциалдардың және толық реакция қимасының энергетикалық тәуелділігі анықталды. Қима параметрлерінің үдетуші шоғыр энергиясына тәуелді жаһандық заңдылықтарын қанағаттандыратын параметрлерінің оңтайлы мәндері табылды.