Конно-Оно теңдеуiнiң дисперсиясыз шегi
Қаралымдар: 149 / PDF жүктеулері: 92
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-129-4-93-98Аңдатпа
Интегралданатын жүйелердi немесе шешiмi бар сызықты емес дифференциалдық теңдеулердi (СЕДТ)
зерттеу керi шашырау әдiсi ашылған сәттен бастап зерттеудiң белсендi саласы болып табылады. Бұл теңдеулер кейбiр мағынада әмбебап, себебi олар физика мен математиканың көптеген салаларында анықталады. Интегралданатын жүйелер деп шексiз иерархиясы бар симметрия мен сақталу заңдарын түсiнемiз. Интегралданатын жүйелердi құрудың
бiрнеше параллель схемалары бар. Интегралданатын СЕДТ-дан басқа, дербес туындыларда интегралданатын дифференциалдық теңдеулердiң тағы бiр маңызды сыныбы бар: жиi дисперсиясыз теңдеулер деп аталатын гидродинамикалық түрдегi интегралданатын теңдеулер.
Олар физика мен математиканың әртүрлi есептерiнде жиi пайда болады және соңғы жылдары қарқынды зерттелуде.





