Ромбылық кристалдардағы топтық жылдамдық пен электромагниттiк энергия ағыны


Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 84

Авторлар

  • С Тлеукенов
  • К Балабеков
  • З Жалгасбекова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-126-1-90-107

Аңдатпа

а Қазiргi уақытта магнитоэлектрлiк, пьезомагниттiк және магнитострикциондық кұбылыстарға ие орталар қарқынды зерттелуде. Осындай орталарда толқындық процесстердi зерттеу кезiнде, магниттiк өтiмдiлiк тензорының анизотропиясын ескеру қажет. Анизотропты орталардағы толқындық процестер изотропты орталармен салыстырғанда сапалы өзге
заңдылықтарға ие. Сонымен қатар фазалық жылдамдық шамасының таралу бағытының өзгеруiне орай, фазалық және топтық жылдамдықтар бағыттары сәйкес келмейдi.
Осыған байланысты, мақалада xoz координат жазықтығындағы ромбылық симметриялы анизотроптық ортада ТЕ (тензорлық электрлiк толқыны) және ТМ (тензорлық электромагниттiк толқыны) поляризациялы электромагниттiк толқындардың таралуы түрiнде қарастырылған. Яғни, Vθ -жылдамдығының, топтық және фазалық жылдамдықтардың индикатрис теңдеулерi анықталған. Фазалық және топтық жылдамдық векторларының
арасындағы γ бұрышы үшiн формула алынған. xoz жазықтығындағы топтық жылдамдықтың бағыты анықталған. Электромагниттiк энергия S~ ағынының векторы алынған.Топтық жылдамдық және энергия ағынының бағыттарының сәйкес келуi көрсетiлген. Изотропты жартылай кеңiстiгi мен ромбылық анизотропияның анизотропты жартылай кеңiстiгiнiң
шекарасындағы ТЕ және ТМ толқындарының сынуы қарастырылды. Сыну бұрышы және толық iшкi шағылу бұрышы анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-04

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тлеукенов, С., Балабеков, К., & Жалгасбекова, З. (2022). Ромбылық кристалдардағы топтық жылдамдық пен электромагниттiк энергия ағыны. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 126(1), 90–107. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-126-1-90-107

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)