SiO 2 /Si тректi темплэйтте екi типтi электролит негiзiнде CdTe нанокластерлерiн қалыптастыру
Қаралымдар: 203 / PDF жүктеулері: 90
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-126-1-8-14Аңдатпа
Мақалада сульфатты және хлоридтiк ерiтiндiлерiмен SiO 2 /Si тректi темплэйттерiн электрохимиялық тұндыру арқылы алынған CdTe нанокластерлерiн зерттеу
нәтижелерi келтiрiлген. а-SiO 2 /Si-n тректi темплэйтi 10 7 –10 8 ион/см 2 флюэнспен энергиясы 200 МэВ болатын ксенон ионымен сәулелендiру арқылы алынды. Тұндырылған үлгiлердiң бетi JSM 7500F сканерлеушi электронды микроскоп арқылы зерттелдi. CdTe нанокластерлерiнiң кристалдық құрылымын анықтау үшiн рентгендiк құрылымдық талдау жүргiзiлдi және
кадмий теллурид нанокристалдарының аморфтық фазамен қоса гексагональды фазада (вюрцит) қалыптасатынын көрсеттi. Сондай-ақ, CdTe үлгiлерiн 100 ◦ C температурада қыздырғанда нанокристалдар өлшемдерiнiң өзгерiске ұшырайтыны және кристалдану
дәрежесi аморфтық фазаның басымдылығымен жоғарлайтыны анықталды.
