Молекулалық физикадан жалпы оқыту дағдыларын қалыптастыру


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 214

Авторлар

  • N. Sandibaeva
  • A. Aidarbekova

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-133-4-16-22

Аңдатпа

Бүгiнгi таңдағы бiздiң бiлiм беру саласының алдына қойған мақсаты-қоғамдағы адамның әлеуметтiкқұндылық қызметiне қажеттi жеке қасиеттерiн дамыту. Онда бiлiм, бiлiк, дағды мен құзыреттiлiк тұлғаның барлық маңызды қасиеттерiнiң толық дамуына қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн негiз ретiнде қарастырылады. Оның iшiнде, физикалық құбылыстарды көрсету мұғалiмге физикалық құбылыстарды бақылау және зерттеу арқылы оқушылардың танымдық қызметiн бағыттауға мүмкiндiк бередi. Физикалық эксперимент арқылы түрлi мiндеттер шешiледi. Физика - эксперименттiк ғылым. Физикалық эксперименттiң көмегiмен оқытудың әртүрлi мiндеттерi мен мақсаттары шешiледi.
Мақалада молекулалық физика бойынша тәжiрибелер мен олардың нәтижесi қарастырылады. Студенттердiң
нақты газдың жалпы сипаттамаларын және молекулааралық өзара әрекеттесудiң күштерiн ескеретiн заңдарды үйренуiнiң бiрқатар мүмкiн жолдары талданады. Сонымен қатар, Ван-дер-Ваальс теңдеуiнiң Менделеев-Клапейрон заңынан айырмашылығын бiледi және бұл теңдеудiң нақты газдардың күйiн шынайы сипаттайтындығына көз жеткiзедi. Сондықтан газ теңдеулерiн зерттеу студенттер арасында күрделi iргелi ұғымдарды қалыптастырады,
олардың қалыптасуы мен ассимиляциясының маңызды шарттары болып табылатын бiлiм дамуының өзара байланысты деңгейлерiн бөлудi қолданады.
Молекулалық физиканың негiзгi идеяларын ретке келтiру олардың ақыл-ой дамуы үшiн, әсiресе, қиял мен теориялық ойлауды дамыту үшiн жалпы маңызға ие. Осыған байланысты ғылыми бiлiм негiздерiн меңгеру оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiнi сөзсiз.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Sandibaeva , N., & Aidarbekova , A. (2022). Молекулалық физикадан жалпы оқыту дағдыларын қалыптастыру. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 133(4), 16–22. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-133-4-16-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи