- Ғарыш инфрақұрылымында FBG сенсоры қамтамасыз ететін заманауи талаптарды зерттеу


Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

  • Нуржигит Смайлов Казахский национальный технический университет им. К.Сатпаева, Алматы, Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2026-155-2-106-117

Кілт сөздер:

Fiber Bragg Grating (FBG) сенсорлары, ғарыштық орта, қатал жағдайлар, құрылымдық денсаулықты бақылау (SHM), ұзақмерзімді тұрақтылық, спектралдық дрейф, термо-вакуумдық сынақтар.

Аңдатпа

Бұл мақала ғарыш инфрақұрылымындағы құрылымдық денсаулықты бақылауды қамтамасыз етуге арналған Fiber Bragg Grating (FBG) сенсорларына негізделген заманауи әдістерді талдауға бағытталған. Ғарыштық ортаға тән радиация, температураның кең ауқымды ауытқуы және механикалық жүктемелер өте кіші деформацияларды жоғары дәлдікпен және ұзақ мерзім бойы бақылауды талап етеді. Зерттеуде FBG сенсорларының жұмыс істеу принципі, Bragg толқын ұзындығының деформация мен температура әсерінен өзгеруі және иондаушы сәулеленудің өлшеу тұрақтылығына ықпалы қарастырылған. Негізгі үш әдіс ұсынылады: радиацияға төзімді FBG сенсорларын қолдану, мультиплекстелген FBG сенсорлық желілері арқылы нақты уақыттағы мониторинг және сенсорларды деформация ең жоғары аймақтарға оңтайлы орналастырып, деректерді интеллектуалды өңдеу. Талдау нәтижелері бұл әдістердің үйлесімді қолданылуы минималды сенсор санымен жоғары өлшеу дәлдігін, жүйенің массасы мен күрделілігін азайтуды және ғарыш құрылымдарының ұзақ мерзімді сенімділігін қамтамасыз ететінін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Смайлов, Н. (2026). - Ғарыш инфрақұрылымында FBG сенсоры қамтамасыз ететін заманауи талаптарды зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 155(2), 106–117. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2026-155-2-106-117

Журналдың саны

Бөлім

Статьи