Нанокеуекті алюминий оксиді негізіндегі наноталшықтардың супергидрофильді қасиеттері
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 79
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-135-2-43-48Аңдатпа
берiлген зерттеу жұмысында бiр сатылы электрохимиялық анодтау әдiсi арқылы қымыздыққышқыл электролитiнде алынған супергидрофильдi қасиетке ие, нанокеуектi алюминий оксидiне қарағанда құрылымы өзгеше болатын алюминий оксидi негiзiндегi наноталшықтардың құрылымдық қасиеттерi қарастырылған. Алынған
наноталшықтардың супергидрофильдiқасиеттерi «Ossila» байланыс бұрышы гониометрi көмегiмен анықталды. Анодтау процесiнiң жүру ұзақтығы анодты оксидтiң наноқұрылымына ғана емес, гидрофильдi қасиетке де әсер ететiнi анықталды. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей анодтау процесiнiң 60 cекунд уақыт көрсеткiшiнде түзiлген наноталшықтардың байланыс
бұрышы 10 секундта 4,37 ◦ мәнге дейiн төмендеп, супергидрофильдi қасиет көрсететiнi белгiлi болды.