Li2TiO3, Li2ZrO3, Li2MoO4 негізіндегі көпфазалы литийқұрамды керамикалар: синтез, құрылым және беріктену
Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 14
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2026-155-2-69-81Кілт сөздер:
литийқұрамды керамикалар, механохимиялық синтез, қоспалау, екіфазалы және үшфазалы керамикалар, құрылымдық реттелу, фазааралық шекараларАңдатпа
Li2TiO3, Li2ZrO3 және Li2MoO4 негізіндегі екіфазалы және үшфазалы литийқұрамды керамикалардың қалыптасуының олардың құрылымдық және механикалық қасиеттеріне әсері тритийді көбейту жүйелерінде қолдану тұрғысынан зерттелді. Зерттеудің мақсаты фазалық құрамды басқару және фазалар арасындағы беріктену механизмдерін іске асыру арқылы литийқұрамды керамикалардың механикалық тұрақтылығын арттыру мүмкіндіктерін бағалау болды.
Көпфазалы керамикалық материалдар механохимиялық қаттыфазалы синтез әдісімен, кейін 700 °C температурада термиялық өңдеу жүргізу арқылы алынды. Үлгілердің фазалық құрамы мен кристалдылық дәрежесі рентгенфазалық талдау әдісімен зерттелді, ал механикалық қасиеттері бір бағытта сығу төзімділікті бағалау арқылы анықталды. Қолданылған синтез әдісі жоғары кристалдылық дәрежесі мен тұрақты фазалық құрамға ие керамикалардың түзілуін қамтамасыз ететіні көрсетілді.
Фазалар арақатынасының өзгеруі екіфазалы керамикалардың бір бағытта сығу кезіндегі критикалық бұзылу жүктемесінің бірфазалы материалдармен салыстырғанда 1.5 еседен астам артуына әкелетіні анықталды, ал Li2MoO4 енгізілуі үшфазалы керамикалар үшін бұл көрсеткіштің қосымша өсуін қамтамасыз етеді (екіфазалы материалдармен салыстырғанда 1.5–1.6 есеге дейін). Алынған нәтижелер көпфазалы литийқұрамды керамикалардың термоядролық реакторлардың бланкет жүйелерінде қолдану үшін перспективалы екенін көрсетеді.





