Impact of Uranium Mining on Radiation Levels in Kazakhstan: A Case Study of Two Major Provinces


Қаралымдар: 464 / PDF жүктеулері: 372

Авторлар

  • Moldir Aumalikova Astana medical university

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-151-2-45-59

Кілт сөздер:

Radiation contamination, Uranium mining, Radon, Equivalent dose rate, In-situ leaching

Аңдатпа

Қазақстан уран қоры бойынша әлемнің шамамен 30%-ын иеленіп, уран өндірісі бойынша көш бастап тұр. Негізгі кен орындары Шу-Сарысу және Солтүстік Қазақстан уран провинцияларында шоғырланған. Бұл зерттеу осы екі аймақтағы уран өндірудің радиациялық ахуалға әсерін бағалауға бағытталған. Зерттеу барысында гамма-сканерлеу, дозиметрия, радон деңгейін өлшеу, топырақ пен су үлгілерін зертханалық талдау әдістері қолданылды. Солтүстік Қазақстандағы Аксус және Саумалкөл сияқты елді мекендерде эквивалентті дозаның қуаты  артқаны, радон концентрациясының рұқсат етілген деңгейден 45 есеге дейін жоғарылағаны және судың альфа-активтілігі көтерілгені анықталды. Шу-Сарысу уран провинциясында радиациялық деңгей негізінен қалыпты шектерде болғанымен, Мынқұдық кен орны маңында оқшауланған ластану тіркелді. Бір аймақтағы топырақта 226Ra изотопының белсенділігі ұлттық нормадан 14 есе жоғары болды. Ерітіп алу  әдісі экологиялық тұрғыда анағұрлым қауіпсіз болғанымен, уранның қайта қозғалуы салдарынан жерасты суларының болашақта ластану қаупі бар. Бұл зерттеу уран өндіру аймақтарында қоршаған ортаны бақылау, қалпына келтіру және халық денсаулығын қорғау шараларын қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Aumalikova, M. (2025). Impact of Uranium Mining on Radiation Levels in Kazakhstan: A Case Study of Two Major Provinces. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 151(2), 45–59. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-151-2-45-59

Журналдың саны

Бөлім

Статьи