«Delta4 Phantom+» диодты матрица «Delta4 Phantom+» диодты матрицасын пайдалану арқылы томотерапия жоспарларының сапасын бақылаудың инновациялық тәсілдері
«Delta4 Phantom+» диодты матрицасын пайдалану арқылы томотерапия жоспарларының сапасын бақылаудың инновациялық тәсілдері
Қаралымдар: 232 / PDF жүктеулері: 82
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-151-2-77-96Кілт сөздер:
сәулелік терапия, томотерапия, Delta4 детекторлар матрицасы, гамма-талдау, верификация.Аңдатпа
Қазіргі заманғы сәулелік терапия әдістері, соның ішінде томотерапия, онкологиялық тәжірибеде жоғары тиімділігіне қарамастан, емдеу сапасына әсер етуі мүмкін дозиметриялық және техникалық қателіктердің туындау қаупімен байланысты. Терапияның қауіпсіздігі мен дәлдігін қамтамасыз етудегі негізгі кезеңдердің бірі – нақты жеткізілген дозаның жоспарланған мәндерге сәйкестігін растауға бағытталған дозиметриялық жоспарларды верификациялау. Бұл мақсатта дозаны бөлу дәлдігін объективті бағалауға мүмкіндік беретін гамма-талдау сияқты әртүрлі физика-техникалық әдістер қолданылады.
Осы мақалада электрондық сызықтық үдеткіш «Tomotherapy HD» негізінде орындалған томотерапия жоспарларын верификациялау үшін екі өлшемді диодты детекторлар матрицасымен жабдықталған Delta4 қатты денелі фантомының мүмкіндіктерін зерттеу нәтижелері ұсынылады. Дозиметриялық жоспарлардың сапасын бағалау халықаралық стандарт болып табылатын 3 %/3 мм критерийлері бойынша гамма-талдау әдісі арқылы жүргізілді, бұл сәулелік терапияның модуляцияланған қарқындылығы (СТМҚ) кезінде кеңінен қолданылады. Зерттеу барысында Delta4 фантомын қолданудың артықшылықтары мен шектеулері, соның ішінде сәулелендірудің геометриялық және дозиметриялық параметрлерінің өлшеу дәлдігіне әсері талданды. Жүргізілген өлшеу нәтижелері мен сәулелік жоспарлардың сипаттамалары арасындағы корреляция анықталды. Алынған нәтижелер негізінде верификациялау үдерістерін оңтайландыру бойынша ұсынымдар беріліп, сәулелік терапиядағы сапаны бақылау жүйесінің дәлдігі мен сенімділігін арттыру бойынша болашақ зерттеулер бағыттары айқындалды.





