Самариймен белсендірілген церий оксиді ұнтақтары мен жұқа үлбірлерінің құрылымдық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-150-1-140-161

Кілт сөздер:

золь-гель, бірге тұндыру, глицин-нитраттың жануы, жұқа үлбір, самариймен белсендірілген церий оксиді, қатты оксидті отын элементі.

Аңдатпа

Қатты оксидті отын элементтері (SOFC) үшін құрамы 26% самариймен белсендірілген церий оксиді (SDC) ұнтақтары мен жұқа үлбірлерін талдап зерттеу қарастырылады. SDC ұнтақтары мен жұқа үлбірлерін дайындауда глицин-нитраттың жануы (CB), бірге тұндыру (CP) және сулы золь-гель (SG)  әдістері қолданылады және алынған үлгілерді талдау әдістері сипатталған. Алынған барлық ұнтақтар 200-ден 1000℃ градусқа дейін қыздырылып, самариймен белсендірілген церийдің кристалдық құрылымы аса жоғары температурада дамитынын көрсетеді. Қыздырылған ұнтақтардың тор параметрі мен кристаллит өлшемі қыздыру температурасының жоғарылауымен үлкейетінін көрсетеді және тор параметрі теориялық мәндерден жоғары болады. Эксперимент нәтижелері жұқа үлбірлердің кристаллиттерінің орташа өлшемі қалыңдығының жоғарылауымен өсетінін айқындады. Қолданылатын синтездің ішінде CB әдісі бірге тұндыру мен золь-гель әдістерімен салыстырғанда жақсы нәтижелерге ие деп саналады. SiO2 төсенішіне тұндырылған жұқа үлбірлердің тор параметрінің эксперименттік мәндері теориялық мәннен жоғары болды. Қалыңдығы жоғарылаған сайын SiO2 төсеншіне тұндырылған жұқа үлбірлердің кристаллитінің орташа өлшемі артады. Aтомдық күштік микроскоп нәтижелері жұқа үлбірлердің бетінің кедір-бұдырлығының орташа мәндері қалыңдығының жоғарылауымен өсетіндігін көрсетті. Тиісті бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып беттің орташа кедір-бұдырлығы (Rs), орташа квадраттық кедір-бұдырлығы (Rq), эксцессі (Rku), асимметриясы (Rsk) сипатталды.

Автор өмірбаяны

Сапарғали Пазылбек, Университет им. Ж.А.Ташенева

"Математика и информатика" кафедрасының меңгерушісі, PhD., қауымдаст.профессор 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Пазылбек, С. (2025). Самариймен белсендірілген церий оксиді ұнтақтары мен жұқа үлбірлерінің құрылымдық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 150(1), 140–161. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-150-1-140-161

Журналдың саны

Бөлім

Статьи