Бұл 2024-09-30 жариялаған ескірген нұсқа. соңғы нұсқасын оқыңыз.

Жылдам ксенон иондарымен сәулеленген BaF2 және CaF2 кристалдарының сәулеленуден туындаған оптикалық жұтылуының термиялық күйдіруі


Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Gulnara Aralbayeva ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2024-148-3-7-22

Кілт сөздер:

BaF2 және CaF2 кристалдары, жылдам ауыр иондар, радиациалық ақаулар, оптикалық жұтылу спектрлері, термиялық күйдіру

Аңдатпа

BaF2 және СaF2 кристалдары жоғары радиациялық төзімділікке ие және олар уақыттық шешу қабілеті жоғары сцинтилляторлар ретінде физика саласында жоғары энергиялы зерттеулерде қолданылады. Бұл жұмыста BaF₂ және CaF₂ кристалдарын 10¹¹-10¹⁴ ион/см² флюенста, 220 және 230 МэВ энергиямен 132Xe иондарымен сәулелендіруден кейінгі түзілген радиациялық ақаулар бойынша зерттеулер жүргізілді. Оптикалық жұтылу спектрлері 10-нан 1,5 эВ аралығында өлшенді. BaF₂ және CaF₂ монокристалдарында түзілген түс орталықтарының термиялық күйдірілуін зерттеу үшін радиациялық ақауларды кезең-кезеңімен күйдірмелеу жүргізілді. Бірдей жағдайларда бірнеше "қыздыру-суыту-өлшеу" циклдары өткізілді, күйдірмелеу температурасы (Tкүйд) 20-30 К-қа дейін көтеріліп отырды. Барлық спектрлер бөлме температурасында өлшенді. CaF2-де 9,7 эВ радиацияның жұту жолағына жалпы үлесті иондық трек аймағында түзілген аниондық кластерлер және күрделі кемтіктік агрегаттары қосады деп болжанады. 8,15 эВ максимуммен белгіленген жолақта кемтіктік сипатына және 6,5 эВ орталығына ұқсас құрылымға ие. BaF2 спектрінің ультракүлгін аймағында 450-575K температура диапазонында 9,18 эВ жолағының аздап ұлғаюы байқалады, бұл 6,5 және 8,2 эВ максимумдары бар жолақтардың азаюымен қатар жүреді, яғни соңғысы да кемтіктік сипатқа ие. 7,4 эВ, 2,24 эВ және 3,04 эВ жолақтары күйдіру температураларының барлық диапазонында іс жүзінде өзгеріссіз қалады. CaF2-мен ұқсастығы бойынша, Xe инодарымен сәулеленген BaF2 монокристалдарында фундаменталды жұтылудан төмен жоғарыэнергетикалық жолақтар аниондық кластерлер табиғатына ие болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Нұсқалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Aralbayeva, G. (2024). Жылдам ксенон иондарымен сәулеленген BaF2 және CaF2 кристалдарының сәулеленуден туындаған оптикалық жұтылуының термиялық күйдіруі . Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 148(3), 7–22. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2024-148-3-7-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи