Титанның микродоғалық тотығуы кезінде жабындардың түзілу процесін зерттеу


Қаралымдар: 226 / PDF жүктеулері: 233

Авторлар

  • А.Ж. Жасұлан Университет имени Шакарима города Семей https://orcid.org/0009-0001-5887-0135
  • Б.К. Рахадилов «PlasmaScience» ЖШС
  • Д.Р. Байжан Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
  • А.Б. Шынарбек Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
  • К.Д. Орманбеков Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2023-143-2-6-15

Кілт сөздер:

микродоғалық тотығу, кальций-фосфат жабыны, физика-механикалық қасиеттері, электролит

Аңдатпа

Жұмыста титан бетінде микро доғалық тотығу (МДТ) әдісімен қалыптасқан жабындардың құрылымдық-фазалық күйі зерттелді. Зерттеу барысында процесс параметрлері мен электролит құрамының өзгеруімен бірқатар эксперименттер жүргізілді. Әр түрлі аналитикалық әдістерді, соның ішінде электронды микроскопия мен рентгендік дифракцияны қолдана отырып, жабындардың морфологиялық және құрылымдық өзгерістері талданды. Титанның микро доғалық тотығуы анодты потенциостатикалық режимде 10 минут бойы фосфор қышқылы, натрий ортофосфаты, калий гидроксиді және гидроксиапатит негізіндегі әртүрлі электролиттерде жүргізілді. MДТ-дан кейін беттің микрогеометриясы өзгермейді, яғни титанның бетінде қалыңдығы 5-7 мкм болатын жұқа жабын пайда болады. Сканерлеуші электронды микроскопия әдісімен жабын бетін зерттеу нәтижелері барлық зерттелетін жабындардың ең кеуекті бетінде калий гидроксиді (KOH) қосылған электролитте түзілген жабындар бар екенін көрсетті. Рентгендік дифракция нәтижелері анатаза мен рутил жабындардың негізгі фазасы екенін көрсетті. Электролиттің құрамы МДТ процесінің анықтаушы факторларының бірі болып табылады және МДТ қолдану үшін өте маңызды. Зерттеу нәтижелері титанның микро доғалық тотығуында жабындардың пайда болу процесін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жасұлан, А., Рахадилов, Б., Байжан, Д., Шынарбек, А., & Орманбеков, К. (2023). Титанның микродоғалық тотығуы кезінде жабындардың түзілу процесін зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 143(2), 6–15. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2023-143-2-6-15

Журналдың саны

Бөлім

Статьи