Ақмола облысы Степногорск ауданындағы радиациялық жағдайды Талдау
Қаралымдар: 176 / PDF жүктеулері: 144
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2022-141-4-6-12Кілт сөздер:
радиоактивтілік, ауаның ластануы, эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділік, радон, топырақтың ластануыАңдатпа
Ақмола облысының аумағы жоғары радиоактивтіліктің табиғи және техногендік көріністеріне байланысты бірқатар радиациялық факторлардың болуымен сипатталады. Олардың негізгілері: табиғи радиоактивтіліктің қалыптан тыс жоғарылауының көптеген аймақтары, уран кен орындары мен кен көріністері, сондай-ақ уран кеніштері мен уран минералдануы бар басқа да пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың көпжылдық ауқымды қызметі.
Бұл мақалада соңғы жылдардағы Степногорск ауданының ластануын зерттеу нәтижелері және алынған деректерді талдау көрсетіледі.
Мақалада 2016 және 2020 жылдардағы зерттеу деректері талданады. Нәтижелерді салыстыру деректері арқылы ластану концентрациясы жоғары дозаларда екендігі көрінеді, әсіресе Ақсу ауылына ерекше назар аударылады.