Төмен энергияда дейтрондардың 13 С ядросынан серпiмдi шашырауын эксперименттiк зерттеу


Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 54

Авторлар

  • Д Джансейтов
  • Н Буртебаев
  • Д Алимов
  • М Насурлла
  • Б Мәуей
  • Д Валиолда
  • А Аймаганбетов
  • Ғ Ерғалиұлы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-131-2-92-98

Аңдатпа

13 С көмiртегi изотоптарынан алынған нысаналардан дейтрондардың серпiмдi шашырауының эксперименттiк қималары Ядролық физика институтының (Алматы, Қазақстан) У-150М циклотронында өлшендi. Үдетiлген дейтрон көзiнiң энергиясы 14,5 және 18 МэВ құрады. Шашыраған дейтрондардың бұрыштық таралуы лабораториялық координаттар жүйесiнде 10-нан 100 градусқа дейiнгi аралықта болды. Зарядталған бөлшектердiң шоғыр тогы 100 нА-дан кем болмады. Бұл жұмыста эксперимент техникасы мен құрылғылардың қысқаша сипаттамасы егжей-тегжейлi баяндалған. Зерттеу нәтижелерi 13 С(d,d) 13 С өзара әрекеттесуi туралы эксперименттiк мәлiметтер және d+ 13 С серпiмдi шашырау процесi үшiн теориялық есептеулер болып табылады. Алынған эксперименттiк қималар алдыңғы басқа энергияларда алынған зерттеулермен салыстырмалы талдаудан өттi. Теориялық есептеулер оптикалық модель аясында жүргiзiлдi. Вудс-Саксон түрiндегi оптикалық потенциал серпiмдi шашыраудың тәжiрибелiк нәтижелерiн талдау үшiн пайдаланылды. Нәтижесiнде тәжiрибелiк мәлiметтер мен теориялық болжамдар арасында жақсы келiсiмге қол жеткiзiлдi. Теориялық модель шеңберiндегi есептеулер нәтижелерi одан әрi қарай серпiмсiз дейтронның 13 С-нан шашырауы бойынша эксперименттiк мәлiметтердi талдау үшiн қолданылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-05

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Джансейтов, Д., Буртебаев, Н., Алимов, Д., Насурлла, М., Мәуей, Б., Валиолда, Д., Аймаганбетов, А., & Ерғалиұлы, Ғ. (2022). Төмен энергияда дейтрондардың 13 С ядросынан серпiмдi шашырауын эксперименттiк зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 131(2), 92–98. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-131-2-92-98

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)