MgO кристалдарының жылдам ауыр иондармен радиациялық зақымдануы
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 75
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-131-2-69-77Аңдатпа
Ф = 5x10 11 – 3.3x10 14 ион/см 2 флюенстер диапазонында, энергиясы 0.23 ГэВ 132Xe иондарымен
бөлме температурасында сәулеленген MgO кристалдары үшiн F-типтi құрұлымдық дефектiлер жиынтығын радиациялық-индуцирленген оптикалық жұтылу спектрлерi арқылы зерттеу. Смакула формуласы бойынша MgO кристалдарындағы F-типтi ақаулар концентрациясы және олардың сәулелену флюенсiне тәуелдiлiгi бағаланды. F+ и F-центрлер люминесценциясы үшiн қоздыру спектрi бақыланды. Сәулеленген үлгiлердiң микромеханикалық
құрұлымының радиациялық-индуцирленген өзгерiсiне, және де Xe иондарының шығындалу энергиялары арқылы MgO кристалдарының қаттылығының иондардың өту тереңдiлiгi арақатынасына талдау жасалынды. MgO кристалдарын жылдам ауыр иондармен сәулелендiруде F-типтi және күрделi ақаулар түзiлудегi ионизациялану мен серпiмдi соқтығысу механизмдерынiң бiрлескен үлестерi қарастырылды.
