Ni 12+ ауыр иондармен сәулелендiрудiң BeO керамикада ақаулардың қалыптасуына әсерi
Қаралымдар: 86 / PDF жүктеулері: 65
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-128-3-110-116Аңдатпа
Бұл жұмыста ядролық қондырғылардың құрылымдық материалдар ретiнде пайдалану мүмкiндiгiн зерттеу мақсатында Ni 12+ иондаушы сәулелену әсерiнен бериллий оксидiнiң негiзiнде материалдардағы радиациялық ақаулардың қалыптастыру және даму үдерiсiн зерттеу нәтижелерi келтiрiлген. Сәулелену үдерiсi энергиясы 100 МэВ және флюенсы 10 13 -10 14 ион/см 2 Ni 12+ иондар арқылы DC-60 үдеткiште өткiзiлдi. Құрылымдағы бiрыңғай ақаулардың пайда болуымен сипатталатын сәулелену флюенстiң шағын мәндерi үшiн кристалдық тордың параметрi шамалы өзгередi. Ni 12+ иондардың флюенсi ұлғайтуы құрылымдағы бұрмалаулар концентрациясының елеулi өсуiне байланысты тор параметрiнiң және тор түйiнiнен атомдардың орташа квадраттық ығысуының күрт өзгеруiн қамтамасыз етедi. Атомдардың орташа квадраттық ығысуы өзгерудiң экспоненталық сипаты анықталды. Бұны, сәулелену флюенсi 10 14 ион/см 2 болатын кезде, қабаттасатын ақаулар аумақтары
қалыптасуы арқылы түсiндiредi. Химиялық байланыстарды бұзу салдарынан кристалдық құрылыстағы бұрмалауды және деформацияны тудыратын көптеген өтпелi ақаулар қалыптастырады.