SiO 2 /Si тректi матрицаларына электрлi тұндырылған ZnO нанокристалдарының құрылымы, электрлiк қасиеттерi және люминесценциясы


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

  • А Даулетбекова
  • А Акылбекова
  • Ш Гиниятова
  • З Баймуханов
  • Л Власукова
  • А Акилбеков
  • А Усеинов
  • А Козловский
  • Ж Карипбаев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-128-3-57-66

Аңдатпа

Мақалада а-SiO 2 /Si-n тректi темплэйттерде мырышты электрохимиялық тұндыру (ЭХТ) арқылы алынған
ZnO нанокластерлерiн зерттеу нәтижелерi келтiрiлген. SiO 2 /Si құрылымы Xe 200 MэВ иондарымен (Ф = 10 8 ион/2) DC-60 циклотронында сәулелендiрiлiп, содан кейiн гидрофторлық қышқылдың (HF) судағы ертiндiсiнде химиялық күйдiрiлдi. Мырышты трек үлгiсiне электрохимиялық тұндыру (ЭХТ) потенциостатикалық режимде жүргiзiлдi. Тұндырылған үлгiлердiң бетi JSM 7500F сканерлеушi электронды микроскоптың көмегiмен зерттелдi. Рентгендiк құрылымдық талдау (XRD) D8 ADVANCE ECO рентгендiк дифрактометрiмен жүргiзiлдi. Рентгендiк құрылымдық
талдауына сәйкес, a-Si 2 О/Si-n тректi темплэйттерде мырышты электротұндыру кристалдық құрылымы мырышты қоспа ZB болатын ZnO нанокристалдарының түзiлуiне әкелдi. ZnO ZB нанокристалдары бар SiO 2 /Si үлгiлерiнiң вольтамперлiк сипаттамалары және фотолюминесценциясы зерттелдi. ZnO ZB және ZnO WS (кристалды құрылым - вюрцит) фотолюминесценция спектрлерiнiң құрылымы сәйкес келедi, алайда люминесценция жолақтарының қарқындылығы әртүрлi. Жолақтардың қарқындылығын салыстыру оттегiнiң бос орындары алынған ZnO ZB құрылымындағы басым
ақаулар болып табылатынын көрсеттi.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-05

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Даулетбекова, А., Акылбекова, А., Гиниятова, Ш., Баймуханов, З., Власукова, Л., Акилбеков, А., Усеинов, А., Козловский, А., & Карипбаев, Ж. (2022). SiO 2 /Si тректi матрицаларына электрлi тұндырылған ZnO нанокристалдарының құрылымы, электрлiк қасиеттерi және люминесценциясы. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 128(3), 57–66. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-128-3-57-66

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>