TiO 2 -де латенттi тректердiң параметрлерiн бағалауға арналған термиялық шыңның моделi
Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 83
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-127-2-16-24Аңдатпа
Бұл жұмыс заттағы тез ауыр иондардың радиациялық әсерлерiн зерттеуге арналған. Термиялық шыңы
моделi аясында әртүрлi температураларда 220 МэВ энергиясымен 132Xe иондарымен сәулелендiру нәтижесiнде TiO 2 - де латенттi тректердi қалыптастыру үдерiсi қарастырылды. Осы жұмыс барысында сәулелендiру температурасына байланысты латенттi тректердiң пайда болу шегi мен мөлшерiне теориялық баға берiлдi. Есептеу нәтижелерi жарық беретiн электрондық микроскопия әдiсiмен алынған эксперименталды деректермен салыстырылады. лЛтенттi тректердiң пайда болу процесiн сипаттау үшiн термиялық шыңнын аналитикалық және серпiмсiз модельдерiнiң қолданылуы мәселесi талқыланады және салыстыру келтiрiледi.