Локальды емес комплекстi модификацияланған Кортевег-де Фриз теңдеу жүйесiнiң ңақты шешiмдерi
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 44
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-125-4-34-39Аңдатпа
Кейбiр физикалық процестердi сипаттау үшiн сызықты емес толқындық шешiмдердiң арасындағы өзара
байланыс пен нақты шешiмдердi табу маңызды болып отыр. Ұсынылып отырған жұмыста локальдi емес АбловицМуслиман редукция типi бойынша Абловиц-Каупа-Ньюэлла-Сегур схемасы бойынша алынған екi өлшемдi локальдi емес комплекстi модификацияланған Кортевег-де Фриз теңдеуiнiң жүйесi қарастырылған. Бұл теңдеулер жүйесi өйлесiмдiлiк шартына ұқсас түрде ұсынылған. Екi өлшемдi локальдi емес комплекстi модификацияланған Кортевег-де Фриз теңдеулерiнiң жүйесi үшiн белгiлi мүшеден талдау шешiмдерiн алу үшiн, алгебралық итерациялық алгоритмдi қамтамасыз ететiн Дарбу түрлендiру техникасы қолданылады. Бастапқы шешiм нөлге тең болған кезде алынған шешiмдер солитондық шешiмдер болып табылады.