CRYSTAL бағдарламасын қолдана отырып ZnO-дағы зарядталған дефектiлердiab-initio есептеулер
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 49
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-123-2-27-32Аңдатпа
жұмыста CRYSTAL14 бағдарламасын қолдана отырып, АОЛК жуықтауында цинк оксидiндегi зарядталған дефектiлердiң ab-initioесептеулерi көрсетiлген. Дефектiлердiң жоғары концентрациясы (дефектiлердiң
жақын орналасуы) кезiнде кристалл ұяшығында айтарлықтай заряд делокализациясы әсерiнен түзiлу энергиясының жете бағаланбауы байқалады. Ығысу коррекциясы мен дефект-дефектiлiк әсерлесудi енгiзу кезiнде түзiлу энергиясының көрсеткiштерi үлкен ұяшықпен салыстырғанда артады. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, дефект-дефектiлiк әсерлесуде қоспалық атомдардың коваленттi өлшемiн де ескеру қажет. Алынған нәтижелер алдыңғы басқа есептеу әдiстерi
қолданылған теориялық жұмыстармен сәйкес келедi, дефектiлердiң энергетикалық сипаттамаларын сапалы түрде сипаттай алады.