Брэгг торларына негiзделген оптофлюидтық сенсорлар
Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 80
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-126-1-67-80Аңдатпа
Бұл мақалада оптикалық жазық толқынжетектегiш брэгг торын биосенсорларда қолдану тарапынан сипатталады. Сипатталған брэгг торы криемнийлiк толқынжетектегiш, полимерлiк толқынжетектегiш және кремнийдиэлектрикте (SOI) толқынжетектегiштерiнен тұрады. Мақалада Фабри-Перо резонаторының оптикалық сыну датчиктерi үшiн жазық бiртұтас толқынжетектегiш Брэгг торларын, полимерлi және кремний-диэлектриктi Брэгг торларын дайындау және өндiру тақырыптары қарастырылған. Ортаның сыну көрсеткiшi неғұрлым жоғары болса, датчиктiң резонанстық шыңы соғұрлым жоғары болады. Қуысты
Брэгг торы бiрдей толқын ұзындығы аймағында бiрыңғай Брэгг торына қарағанда аса сезiмтал. Сондықтан, ұғымалық қуысты Брэгг торы бiрыңғай Брэгг торына қарағанда сезiмтал. Сонымен қатар, қысқа FP толқындық қуысының сезiмталдығы ұзақ толқындық қуысқа қарағанда әлдеқайда жоғары, бұл датчиктердi наноөлшемдi етiп жасай отырып, молекулалардың өте төмен концентрациясын анықтауға мүмкiндiк туғызады.
Осы зерттеуде әзiрленген датчиктiң биомедициналық диагностикада қолдану болашағы зор, мысалы биосенсорлар немесе қоршаған орта мониторингiсiнде қолданылатын биохимиялық датчиктерi.