Сiлтiлi металл сульфаттарының зоналық құрылымы
Қаралымдар: 207 / PDF жүктеулері: 152
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-126-1-56-66Аңдатпа
K 2 SO 4 және Na 2 SO 4 кристалдарында 15–300 К температурасында 3, 65 ÷ 4, 0 эВ негiзгi cәулелену
жолақтары мен ұзын толқынды сәулелену жолақтарының 3, 0 ÷ 3, 1 эВ, 2, 6 ÷ 2, 7 эВ және 2, 3 ÷ 2, 4 эВ спектрлерi өлшендi. Эксперимент нәтижесi көрсеткендей, энергиясы 4, 6 ÷ 6, 2 эВ құрайтын төменгi энергиялы фотондардың, сонымен қатар жоғарғы энергиялы фотондардың 6, 4 ÷ 10, 5 эВ сәулелерiнiң қозуы орын алады. Қоздыру кезiнде электрондар валенттiк зонаның 1t1 , 3t2 , e, 2t2 орбиталiнен өткiзгiштiк зонадағы s катиондық деңгей күйiне өтедi.
Бұл орбиталдарда пайда болған кемтiктер валенттiк зонаның диапазонынан жоғары деңгейге өтедi және қармалады.