12 С ядросынан 10 В серпiмдi шашырауы кезiндегi ауысым механизмдерiнiң үлесiн зерттеу
Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 73
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-131-2-17-22Аңдатпа
Эксперименттiк деректердi талдау 18 МэВ энергиядағы 12 С ядроларынан 10 B иондарының серпiмдi
шашырауына арналған дифференциалдық қималар бойынша оптикалық модель (OM) және бұрмаланған толқындар әдiсi (FRDWBA) аясында FRESCO кодын қолдана отырып жүргiзiлдi. Оптикалық модель алдыңғы бұрыштардағы эксперименттiк қималарды жақсы сипаттайды, бiрақ көптеген жағдайларда үлкен бұрыштарда байқалған қималардың өсуiн сипаттау мүмкiндiгi жоқ. Тек нуклонның немесе кластерлердiң алмасу механизмiн ескеру арқылы эксперименттiк
мәлiметтердi толық бұрыштық диапазонда сипаттауға мүмкiн болады. Ұсынылған мақалада 12 C → 10 B+d
конфигурациясы үшiн спектроскопиялық амплитудасы алынды.