Геостационарлық жерсерiктiң орнын анықтау алгоритмiнде аппроксимация әдiсiн қолдану
Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 59
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-133-4-8-15Аңдатпа
Мақала геостационарлық жерсерiктердiң қозғалу ерекшелiктерiн зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектiлiгi мақсатты мiндеттердi дұрыс орындау үшiн, сондай-ақ, жерсерiктердiң тиiмдiлiгiн арттыру және олардың жұмысын жақсарту үшiн геостационарлық ғарыш аппараттарының орналасуын дәлiрек анықтау мүмкiндiгiнде жатыр. Спутниктiң орналасуын анықтау үшiн сингулярлық емес элементтердi қолдану мәселелерi жан-жақты қарастырылған. Сингулярлық емес элементтер эксцентриситет пен көлбеудiң өте аз мәндерiнде жуықтау қателiгiн арттыру мәселесiн шешедi. Орындалған жұмыс нәтижесiнде кез келген уақытта координаттарды, жылдамдық векторын есептеуге және геостационарлық спутниктiң қозғалысын модельдеуге арналған бағдарлама коды мен алгоритмi құрылды. Бағдарлама кодының нәтижелерiн қолдану жер серiгiнiң орбиталық қозғалысын жоғары дәлдiкте анықтауға және модельдеуге мүмкiндiк бередi. Қарастырылып отырған тақырып ғарыш аппараттарының баллистикасы мәселелерiн зерттейтiн мамандар үшiн қызықты болады.