Тұрақты температурада VI-мұз модификациясының Юнг, ығысу модульдерi мен онда тарайтын ультрадыбыс толқындарының қысымға тәуелдiлiгiн зерттеу
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 79
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-133-4-73-78Аңдатпа
Мақалада фазалық бiрiншi тектi өту кезiндегi температураның, қысымның және көлемнiң өзгерiсiнiң
мәндерiнен тұрғызылған қолымыздағы мұз модификациясының P-T [2] координатасындағы фазалық диаграмманың үлкен толқын (600-2100) МПа қысым мен (110-330) К температура арасында жатқан VI-мұз модификациясының Юнг, ығысу модульдерiнiң және зерттелiп отырған үлгiде тарайтын қума, көлденең толқындардың әртүрлi температуралардағы қысымға тәуелдiлiктерi зерттелiп, E=E(p), G=G(p), ϑ long = ϑ long (p), ϑ trans = ϑ trans (P) графиктерi тұрғызылған. Зерттеу жұмысын жүргiзу мақсатында автоматтандырылған жоғары қысым мен (0-3000) МПа төменгi температурада (90-300) К жұмыс iстейтiн қондырғы жинастырылды. Тәжiрибелiк зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн термоөңдеуден өткен бiрiншi қабаты P18(HRC=60 ÷ 62) екiншi және үшiншi қабаттары P18(HRC=58 ÷ 60,
HRC=48 ÷ 50) бiр-бiрiне қыздыру арқылы күшпен кигiзiлген поршень-цилиндр пiшiндi камера қолданылды. Үстi көлемiнiң өзгерiсi қозғалатын поршеннiң iлгерiлемелi және кейiн қайтқандағы орын ауыстырулары сызықты қозғалысты электр импульстерiне айналдыратын дәлелдiлiгi ± 0,001мм түрлендiргiш арқылы өлшеп бақылап отырдық. Үлгiдегi
қысым, оның iшiнде орналасқан висмут, галлий сымдарының (проволка) әртүрлi температуралармен қысымдарда фазалық өту нүктелерiн анықтаумен iске асырылды. Фазалық өту нүктелерi Ga, Bi электр кедергiлерiн өлшеу арқылы анықталды. Сонымен қатар, мұздың P-T координатасындағы I → II,II → III мұз түрлерiнiң фазалық өтулерi қолданылды. Үстiнiң температурасы анық iшiнде орналасқан мыс-константан терможұбымен (термопара) ± 1 o C дәлелдiкпен
бақыланды. Температура түзету 4000 МПа қысым мен ∆ T=100 o C температурада ± 2 o C құрайды. Түзету
температура төмендеген сайын кемидi. Зерттелетiн үстiнiң iшiнде орналасқан галий мен висмуттың кедергiлерiн және терможұптағы кернеудi өлшеуде
төменгi поршеннiң осiнiң бағытымен табандарының диаметрлерi 1,5 мм, 1 мм конус тәрiздi арна арқылы жiбек жiбiмен оқшауланған мыс өткiзгiш қолданылды. Мыс өткiзгiштердi арнада нығыздау ?шiн эпоксид смоласы сiңiретiн мақтаны қолдандық. VI-полиморфты мұз модификациясындағы серпiмдi толқындардың әрт?рлi температуралардағы жылдамдықтарының қысымға тәуелдiлiгi арнайы жинастырылған қондырғыда импульсiн әдiспен өлшендi.