Бiлiм беру мақсатындағы ашық бастапқы кодымен робот манипулятор
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 73
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-61-70Аңдатпа
Үш өлшемдi басып шығару технологиялары мен ашық бастапқы коды бар электронды жүйелердi прототиптеу платформаларының қарқынды таралуы мейкер қоғамдастықтарының мүмкiндiктерiн және әртүрлi
деңгейдегi бiлiм беру мекемелерiнде қолданылатын тәсiлдердiң алуан түрлiлiгiн едәуiр кеңейттi. Нәтижесiнде, соңғы жобалардың күрделiлiгi айтарлықтай өстi. Бiр жағынан, қазiргi заманғы технологиялық деңгейдiң үнемi жетiлдiрiлуi мен күрделiлiгiн ескере отырып, мұндай құбылысты оңдеп санауға болады. Алайда, екiншi жағынан, бiлiм беру
қауымдастығы жоғары технологиялық шешiмдердi үйрену кезiнде студенттердiң назарын абстракцияның жоғары деңгейiне, атап айтқанда, бағдарламалауға шамадан тыс шоғырландыру қаупiне тап болуы мүмкiн.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мақалада бiлiм беру мақсаттары үшiн ашық бастапқы коды бар роботы манипуляторды енгiзу ұсынылған. Атап айтқанда, 3D басып шығару құрылымдық бөлiктерi және Arduino негiзiндегi басқару коды мен электрондық схеманың даму ерекшелiктерi егжей-тегжейлi сипатталған. Жұмыста аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы сипаттаудың әдiстемелiк тәсiлдерiне баса назар аудара отырып, роботы манипуляторды iске асыру тәжiрибесiнiң сипаттамасы берiлген.