Журнал туралы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Физика. Астрономия сериясы

Журнал Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген.

Бұқаралық ақпарат құралын тіркеу туралы куәлік: 02.02.2021жылдан бастап № KZ66VPY00031918

ISSN 2616-6836 ISSN (онлайн) 2663-1296

DOI: 10.32523/2616-6836

Шығу жиілігі: жылына 4 рет

Қабылдау мерзімдері: Журналдың әрбір нөміріне мақала қабылдау мерзімдері белгіленген: бірінші нөмірге авторлар 20 ақпанға дейін, екінші нөмірге 20 мамырға дейін, үшінші нөмірге 20 тамызға дейін, ал төртінші нөмірге 20 қарашаға дейін тапсыруы қажет.

Шығу тілі: қазақша, ағылшынша, орысша

Рецензиялау: Журналда қос соқыр рецензиялау рәсімі қолданылады

Меншіктенуші және баспагері: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы

Журнал мақсаты - Физика мен астрономия салаларының теориялық және эксперименталды зерттелулерi бойынша мұқият тексеруден өткен ғылыми құндылығы бар мақалалар жариялау.

Журналдың міндеттері:

  • зерттеу жұмысына студенттерді, жас оқытушыларды, Қазақстанның ҒЗИ қызметкерлерін тарту мақсатында халықаралық ғылымдағы перспективалық, оның ішінде, жаңа отандық тақырыптар мен бағыттар бойынша мақалаларды жариялау;
  • -отандық және шетелдік жарияланым авторларына сапалы және кәсіби редакциялық-баспа қызметтерін ұсыну;
  • -жаңа идеялар мен зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық деңгейде кеңінен таратуды қамтамасыз ету;
  • -Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға елеулі үлес қосу;
  • -қазіргі ғылымның соңғы жетістіктерін іс жүзінде жүзеге асыруға ықпал ету.


Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiмен тiркелген. 02.02.2021 ж. № KZ66VPY00031918 қайта есепке қою туралы куәлiгi.

Бағыттары: Физика мен астрономия, соның ішінде медициналық физика, радиоэкология, биофизика және радиациялық қауіпсіздік.

Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізуге "ҰМҒТСО" АҚ ұсынылады. Журнал 2018 жылдан бастап Elibrary.ru. базасында материалдарды мұрағаттауды жүргізеді.

Журналдың редакциялық саясаты (Орыс тілінде)

Жариялау шарттары: "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Физика. Астрономия сериясындағы" қолжазбалар міндетті анонимді рецензиядан өтеді. Алынған рецензиялардың негізінде журналдың редколлегия алқасы қорытынды шешім қабылдайды.

"Мемлекеттік ұлттық ғылыми - техникалық сараптама орталығы" АҚ-мен журналды қазақстандық дәйексөз алу базасына енгізу бойынша 06.06.2021 жылы № 44 шарт жасалды, осы шартқа сәйкес "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Физика. Астрономия сериясы" журналы 2020 жылға импакт-факторды есептейтін болады.