Атомдардың өздiгiнен сәуле шығаруы туралы
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 53
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-122-1-64-67Аңдатпа
Берiлген жұмыста атомдарның өздiгiнен сәуле шығаруы туралы мәселелер қарастырылады. Релятивистiк емес кванттық механикада мұндай сәуле шығару түрiнiң тек ықтималдығы iзделiнедi, ал физикалық тарапын қарастырылмайды. Сондықтан, бiз виртуалды кванттардан тұратын физикалық вакуум бар деп
жорамалдайтын кванттық электродинамикаға жүгiндiк. Атомның қоздырылған дискреттi күйiнде электронға әсер ету салдарынан атомдардың өздiгiнен сәуле шығаратынының сапалы көрiнiсiн алуға әрекет жасалынды.