(1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуiнiң нақты шешiмдерi
Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 62
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-122-1-58-63Аңдатпа
Бұл мақалада бiз (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуiн қарастырамыз. (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуi керi шашырау әдiсi арқылы интегралданатыды. Осы теңдеуге Дарбу түрлендiруi пайдаланылған. Сондай-ақ, осы (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуiнiң бiрреттiк, екiреттiк және n -реттiк Дарбу түрлендiрулерi детерминанттық көрнiстерi алынған. Бұл жұмыста осы теңдеудiң нақты шешiмдерiн құрамыз. Жоғарыда көрсетiлген нәтижелердi
пайдалана отырып, осы теңдеудiң басқа да солитондық және солитон тәрiздi (солитон тәрiздi: динамикалық және топологиялық солитондар, периодтық, домендiк кедергiлер, кинктер, ламптар, ашық және күңгiрт солитондар, ашық және күңгiрт қиратушы толқындар, ашық және күңгiрт позитондар және т.б.) шешiмдерiн құруға болады.