Родамин бояғышы мен CdS кластерлерiнiң кешендерiнде электрондық ауысулардың табиғатын анықтау


Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 46

Авторлар

  • А.А Алдонгаров
  • А.М Асильбекова
  • И.С Иргибаева
  • Ж.К Ермекова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-122-1-19-27

Аңдатпа

Кванттық нүктелер мен органикалық бояғыштар арасындағы олардың бетiнде қозу энергиясының ауысу құбылысы TD-DFT әдiсiмен қарастырылды. [RhB − Cd4S1]
7+ және [RhB − Cd13S4] 19+ кешендерi зерттелдi. Кадмий сульфидi кластерiмен [RhB] + бояғышының кешендерiнде спектрдiң ұзынтолқынды облыста жаңа жолақтардың пайда болуы бақыланатындығы көрсетiлдi және бұл жолақтардың көп бөлiгi төмен қарқындылыққа ие. Бұл жағдайды кешеннiң түзiлуi кезiнде жүйенiң диполь моментiнiң айтарлықтай өсуiмен түсiндiруге болады. Сонымен қатар, заряд тасымалдауының қарқынды жолақтарын бақылау мүмкiндiгi көрсетiлдi. Кадмий сульфидi кластерiнiң оң зарядының өсуi, яғни Cd2+ кадмий ионы санының артуы фотоқозған электрон тасымалының бағытын өзгертуге алып келедi. Сондай-ақ, қарқынды ауысуларға қатысатын молекулалық орбитальдардың табиғатына талдау жүргiзiлдi. Алынған нәтижелер бояғыш катионына кадмий сулфидi кластерiнiң заряд тасымалдау мүмкiндiгiн және керi бағытта да заряд тасымалдау мүмкiндiгiн көрсетедi.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-04

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алдонгаров, А. ., Асильбекова, А., Иргибаева, И., & Ермекова, Ж. . (2022). Родамин бояғышы мен CdS кластерлерiнiң кешендерiнде электрондық ауысулардың табиғатын анықтау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 122(1), 19–27. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-122-1-19-27

Журналдың саны

Бөлім

Статьи