Ti-Al3 негiзiндегi композиттiк жабындар бетiнiң топографиясы


Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

  • A. Y. Zhakupova
  • M. V. Kovalenko
  • V. I. Yakovlev
  • Z. M. Ramazanova

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-24-33

Аңдатпа

Қазiргi уақытта әр түрлi ұлпаларға тән сипаттамалары бар биоматериалдардың дамуы медицина мен инженерияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Металдардың бетiнде кальций-фосфат жабындарын жасау материалтану саласындағы өзектi мiндеттердiң бiрi болып табылады. Дегенмен, импланттың остеоинтеграциясын қамтамасыз ететiн импланттың беткi қабатының қандай физика-химиялық қасиеттерi (фазалық және элементтiк құрамы, құрылымы, кристалдылығы, кедiр-бұдырлығы, ерiгiштiгi және т.б.) болу керектiгi туралы нақты мәлiметтер жоқ. Бұл жұмыста кальций-фосфат жабындарын алу үшiн Grade2 титан негiзiне ұнтақты материалдарды детонациялық-газды бүрку әдiсi қолданылды. Ұнтақ материалдар ретiнде кальций гидроксиапатитi қосылған TiAl3 қоспасы қолданылды. Қоспадағы TiAl3 -тiң массалық пайызды мөлшерi 40%, 55%, 65%, 80% құрайды. Жабын бетiнiң топографиясы Zygo New View 7300 интерферометр-профилометрiнiң көмегiмен алынған мәлiметтер негiзiнде компьютерлiк үш өлшемдi
модельдеу арқылы анықталды. Гидроксиапатит (Ca10(PO4)6(OH)2) бар TiAl3 құрамының механокомпозитiндегi интерметаллид мөлшерiнiң артуымен композиттiк материалдардан жасалған беткi қабаттың кедiр-бұдырлығы Ra=2,628 мкм-ден Ra= 3,490 мкм-ге дейiн өсетiнi анықталды. Бұл жағдайда қабаттың кедiр-бұдырлығы сүйек ұлпасының өсуiне әсер етедi. Сүйек ұлпасының өсуi жабындардың кедiр- ұдырлығына тәуелдiлiгiн салыстырмалы талдау, гидроксиапатит
негiзiнде детонациялық–газды бүрку әдiсiмен алынған қабаттардың кедiр-бұдырлық мәндерi Ra=2-4 мкм болғанда, сүйек ұлпаларының өсуi шамамен 100% тиiмдiлiгiн көрсеттi.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-01

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Zhakupova , A. Y., Kovalenko , M. V., Yakovlev , V. I., & Ramazanova , Z. M. (2022). Ti-Al3 негiзiндегi композиттiк жабындар бетiнiң топографиясы. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 137(4), 24–33. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-24-33

Журналдың саны

Бөлім

Статьи