Қарапайым бөлшектердiң спектроскопиясын анықтау әдiстерi


Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

  • Н. Нұрбақыт
  • Н. Заурбекова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-8-14

Аңдатпа

бұл жұмыста байланысқан күйдiң массасы корреляциялық функцияның қажеттi кванттық сандары бар сәйкес токтардағы асимптотикалық өзгерiсiмен анықталады. Корреляциялық функция функционалды интеграл түрiнде жазылады, ал ол керек асимтотиканы ерекшелеп алуға мүмкiндiк бередi. Бiздiң жағдайда, корреляциялық функцияның асимптотикалық өзгерiсiн анықтау кезiнде функционалды интегралға келтiру
сыртқы калибрлiк өрiс бойынша орташалау дәл орындалатындай етiп қолданылған. Алынған көрiнiс релятивистiк кванттық механикадағы Фейнманның жолы бойынша функционалды интегралына ұқсас. Сондай-ақ, калибрлiк өрiстердi (фотон, глюон) алмасу кезiнде туындайтын әсерлесудiң локалдi емес функционалы (потенциал) Фейнман диаграммасы
арқылы анықталады және құрамына бөлшектердiң меншiктi энергиясы да, байланысқан күйдiң пайда болуы да кiредi. Осылайша, әсерлесу потенциалы барлық мүмкiн болатын Фейнман диаграммалары арқылы анықталады. Осы жұмыста энергетикалық спектрдi сыртқы калибрлiк өрiстегi зарядталған скаляр бөлшектердiң токтарындағы вакуумдық орташаның
асимптотикалық өзгерiсiне негiзделiп анықтау әдiсi ұсынылған. Мезондарың массасына толық гамильтонианды енгiзу арқылы кварктардың массасы және конституенттi массын анықталған. Сонымен қатар бұл жұмыста жеңiл- жеңiл кварктардағы жеңiл кварктардың конституенттi массасы мен жеңiл кварктардағы жеңiл-ауыр кварктардың конституенттi массасы арасындағы байланыс қарастырылған. Жеңiл кварктардан тұратын мезондар үшiн спин-синглеттiк және спин-триплеттiк күйлерi арасында кварктардың конституенттi массасының бөлiнуi жүредi яғни триплеттiк күйiндегi кварктардың конституенттi массалары синглеттiк күйден үлкен. Орбиталық квант санының өсуiне байланысты кварктардың конституенттi массаларының өзгерiсi зетiттелген.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-01

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұрбақыт , Н., & Заурбекова , Н. (2022). Қарапайым бөлшектердiң спектроскопиясын анықтау әдiстерi. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 137(4), 8–14. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-8-14

Журналдың саны

Бөлім

Статьи