Bi 3+ иондарымен қосылған итрий ниобатының фотолюминесценция сипаттамасы
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 58
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-136-3-45-54Аңдатпа
Мақалада YNbO 4 :Bi ұнтақтарының өзiндiк және Bi 3+ иондарымен байланысты люминесценциясының бiрнеше спектроскопиялық әдiстермен температураның кең диапазонында әртүрлi висмут құрамымен сипаттамалары зерттелген. YNbO 4 :Bi люминесценциясы экситондық сипатқа ие екендiгi көрсетiлген. Меншiктi сәулелену (2.89 эВ) автолокализацияланған экситонның сәулелiк ыдырауымен байланысты. Bi 3+ (2.53 эВ) иондарымен байланысты негiзгi сәулелену жолағы Bi 3+ жеке ионының жанында локализацияланған экситонның сәулелiк ыдырауына, ал әлсiз сәулелену (2.41 эВ) Bi 3+ жұп орталығының жанында локализацияланған экситонның сәулелiк ыдырауы жатады. Bi 3+ ионының
3 P 1,0 → 1 S 0 өтуiнен ультракүлгiн сәуле табылған жоқ.