PM-2.5 аэрозольдеріндегі бериллий-7 атмосфералық белсенділігі: қолданылуы, тенденциялары және экологиялық перспективалары.
Қаралымдар: 241 / PDF жүктеулері: 105
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-151-2-115-135Кілт сөздер:
бериллий-7, аэрозольдер, атмосфералық мониторинг, экологиялық бағалау, радиоизотоптық индикаторлар, ластану тенденциялары, PM2.5Аңдатпа
Мақалада PM2.5 аэрозольдеріндегі космогендік бериллий-7 радионуклидінің атмосфералық белсенділігі туралы заманауи зерттеулерге шолу берілген. Ғарыштық сәулеленудің әсерінен атмосфераның жоғарғы қабаттарында пайда болған бериллий-7 тропосфера мен стратосфера арасындағы алмасу процестерінің көрсеткіші ретінде, сондай-ақ аэрозольдер мен ластаушы заттардың тасымалдау жолдарын бақылау үшін кеңінен қолданылады. Бұл мақалада бериллий-7 физика-химиялық қасиеттері, оны анықтау әдістері, таралудың маусымдық және кеңістіктік заңдылықтары, сондай-ақ метеорологиялық параметрлермен және PM2.5 көздерімен байланыс қарастырылады. Сонымен қатар аэрозольдердің трансшекаралық тасымалын бағалау, экологиялық және санитарлық салдарды талдау, сондай-ақ ауа сапасының халықаралық стандарттарымен салыстыру үшін бериллий-7 қолдануға ерекше назар аударылады. Бериллий-7 деректерін атмосфералық процестерді бақылау және модельдеу жүйелеріне біріктіруге байланысты қазіргі тенденциялар мен қиындықтар жалпыланған. Мақала бериллий-7-ні ауа сапасын бағалауды жақсарту, денсаулық пен қоршаған ортаға қауіп-қатерді басқару және атмосфералық мониторинг саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін пайдаланудың ғылыми және практикалық маңыздылығын көрсетеді.





