Recombination emission in the phosphor CaSO4-Pb2+
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 9
Кілт сөздер:
сульфат; электрон; рекомбинациялық сәулелену; меншікті радиация; кемтік; қозу.Аңдатпа
Оптикалық әдістермен CaSO4-Pb2+ люминофорында пайда болған комбинирленген немесе индуцирленген электрондық сәулелену 2,9 эВ және 3,1 эВ тең күйінің түзілуі зерттелді. Комбинирленген электрондық сәулелену күйі Pb+-SO4- қоспа орталықтарының электрондық күйлерінен және матрицаның SO43--SO4- меншікті қармау орталықтарының электрондық күйлерінен тұрады. Қоспа қармау орталықтарының электрондық күйлері еркін зоналық электрондардың Pb2+ қоспасымен қармалуы кезінде немесе қоздырылған аниондық комплекстен SO42-(O2--Pb2+) қоспаға заряд тасымалдау нәтижесінде түзілген электрондардың локализациялануы кезінде Pb2++(e-+SO4-)→Pb+-SO4- реакциясы бойынша түзіледі. Меншікті қармау орталықтарының электрондық күйлері еркін зоналық электрондардың аниондық комплекстермен қармалуы немесе қоздырылған аниондық комплекстен SO4-(O2--SO42-) көрші аниондық комплекстерге заряд тасымалдау нәтижесінде түзілген электрондардың локализациялануы кезінде SO42-+(e-+SO4-)→SO43--SO4- реакциясы бойынша түзіледі.
Өлшеулер көрсеткендей, 2,9 эВ және 3,1 эВ кезіндегі комбинирленген электрондық сәулелену күйлері 3,9-4,0 эВ және 4,5 эВ фотон энергияларымен қоздырылады. Сондай-ақ эксперименталды түрде көрсетілгендей, қармау орталықтары индуцирленген люминофорларда 3,9-4,0 эВ және 4,5 эВ фотондармен қоздырылған кезде 3,1 эВ және 2,9 эВ рекомбинациялық сәулеленулер қайта түзіледі. Осылайша, 3,9-4,0 эВ және 4,5 эВ фотон энергиялары CaSO4-Pb2+ люминофор матрицасының мөлдірлік аймағында орналасқан электрондық және кемтіктік қармау орталықтары арасындағы қоздыру және сіңіру энергиялары болып табылады.