Радиоактивті қалдықтар қоймасының маңында орналасқан Ақсу елді мекенінің тұрғындарынан алынған биологиялық сынамалардағы уранның мөлшерін бағалау
Қаралымдар: 112 / PDF жүктеулері: 59
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2024-148-3-41-53Кілт сөздер:
радионуклид, уран, масс-спектрометрия, биоиндикатор, радиоактивті қалдықтар қоймасыАңдатпа
Радиоактивті қалдық қоймаларынан туындайтын ықтимал қауіптілік деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Қалдықтар қоймасынан шығарылған уранның жергілікті тұрғындар үшін әсері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін зерттеулер қажет. Жұмыстың мақсаты радиоактивті қалдықтар қоймасының маңында орналасқан Ақсу елді мекенінің тұрғындарынан алынған биологиялық үлгілердегі (несеп, шаш) уранның мөлшерін зерттеу. Зерттеу барысында радиоактивті қалдықтар қоймасының маңында орналасқан Ақсу елді мекенінде орташа ұзақтығы 30 жыл тұратын жергілікті тұрғындардан алынған биологиялық үлгілерде уранның мөлшері анықталды. Несеп үлгілеріне қарағанда шаш үлгілерінде уранның мөлшері жоғары болатыны айқындалды. Алынған мәліметтерді несептегі уранның нормативті мөлшерін айқындауда пайдалануға болады. Сонымен қатар биологиялық үлгілердегі анықталған уранның мөлшері радиациялық қауіпсіздікті сақтау шараларында биоиндикаторлық көрсеткіш бола алады.