Темір қосылған β-Ga2O3 кристалының электронды және дірілдік қасиеттерінің гибридті DFT
Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 172
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2023-144-3-16-30Кілт сөздер:
β-Ga2O3, оптоэлектроника, акцепторлық деңгей, тығыздық функциясының теориясыАңдатпа
Бұл жұмыста темір қосылған β-Ga2O3 энергетикалық және электронды-оптикалық
қасиеттерін есептеу нәтижелері келтірілген.Әр түрлі зарядтау күйлері үшін тыйым салынған
аймақтағы электронды қоспа деңгейлерінің орналасуын талдау арқылы Fe акцепторлық қоспа екені
анықталды. Оптикалық және термодинамикалық өтпелі деңгейлерді бағалау темірдің акцепторлық
қоспасының терең сипатын көрсетеді. Сонымен қатар, темір Ферми энергиясының өте төмен
мәндерінде донор рөлін атқара алады, алайда мұндай жағдайдың пайда болу ықтималдығы өте
аз. Біз темір қоспасының комбинациялық шашырауды екіұшты түрде өзгертетінін анықтадық.
Алмастыратын темір атомының төмен тиімді атомдық массасына байланысты допинг жоғары
жиілікті диапазондағы тербелістердің фонондық режимдерінің айқын жоғарылауына әкеледі
(~600÷800 см-1). Нәтижелер темір қоспасының акцепторлық сипатын растайтын эксперименттік
бақылаулармен жақсы үйлеседі.