Matlab көмегiмен жолақты патч-антенналарды жобалау
Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 57
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-134-1-37-43Аңдатпа
бұл жұмыста техникалық есептеулер мәселелерiн шешуге арналған Matlab қолданбалы бағдарламасы ортасында кез келген күрделi формадағы, оның iшiндегi, геометриялық фракталдар формасындағы антенналарды жобалау, олардың электродинамикалық параметрлерiнiң сипаттамаларын алу мүмкiндiгi және оның ерекшелiктерi қарастырылды. Зерттеу объектiсi ретiнде анизотропты геометриялық фракталы және оның нөмiрi 3-ке дейiнгi префракталдары негiзiндегi, екi түрлi орындаудағы жолақты патч антенналар қарастырылды. Бiрiншi қарастырылған монополь антенна модельiнiңбастапқы нөлiншi итерациядағы негiзгi өткiзгiшi ұзындығы 90 мм, енi 2 мм-дi құраса, екiншi орындаудағы модельде қабырғалары анизотропты фракталмен эволюцияланатын шаршы патч антенна түрiнде жасалды. Нөлiншi итерацияға сай келетiн шаршының қабырғаларының ұзындығы 27 мм-дi құрады. Олардың жиiлiктен тәуелдi электрлiк сипаттамалары, атап айтқанда, шағылу коэффициентi S11, кiрiсiндегi толық кедергi (немес импеданс), кернеу бойынша тұрғын толқын коэффициентi, өткiзгiш бойымен таралу тоғы және резонанстық жиiлiктердегi бағытталу диаграммалары, олардағы негiзгi жапырақшалардың екi жазықтық бойынша ендерi, күшейту коэффициенттерi алынды.
Қарастырылған модельдердiң сипаттамаларының нәтижелерi High Frequency Structural Simulator (қысқ. HFSS) бағдарламалық ортасында соңғы элементтер әдiсiмен құрылған, материалдарының геометриялық және физикалық параметрлерi дәл сондай антенна моделiмен салыстырылды.