Коллизиялық кварк-глюонды плазмадығы Корнелл потенциалы
Қаралымдар: 171 / PDF жүктеулері: 216
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2023-142-1-16-25Кілт сөздер:
кварк-глюон плазмасы, кварконий, эффективті потенциал, динамиклық экрандау, диэлектрлік функция, коллизиялық КГПАңдатпа
Кварк-глюон плазмасының үдеткіштердегі эксперименттік зерттеулерінде чармоний мен боттомоний маңызды рөл атқарады, өйткені олардың диссоциациялануы ыстық және өте күшті ортада фазалық ауысудың бірнеше белгілерінің бірі болып табылады. Бұл бөлшектер сәйкесінше с-кваркі және b-кваркі ароматты ауыр кварк пен антикварктың байлынысқан күйлерін білдіреді. Жақсы зерттелген зерттеу әдістерінің бірі феноменологиялық модельдер болып саналады, онда кварктар арасындағы өзара әсер Корнелл типті потенциалдармен, сондай-ақ оның модификацияларымен сипатталады. Бұл мақалада динамикалық экрандауды қолдана отырып, қоршаған ортадағы чармоний мен боттомоний қозғалысының потенциалға әсері зерттеледі. Экрандау үшін, ояту өрісінің диэлектрлік функциясы, осы байланыстырылған күйлерге ғана тән сипаттаманың ұқсастығын ескере отырып, кәдімгі плазманың электродинамикасына ұқсастықпен қолданылады. Бұл диэлектрлік функция Бхатнагар-Гросс-Крук соқтығысу операторымен Больцман теңдеуіне негізделген соқтығысу КГП-дан алынған. Нәтижесінде, теңдеу ортаны бөлшектер арасындағы жұп соқтығысуы бар сиретілген газ ретінде сипатталынады. Берілген ортадағы кварктар арасындағы эффективті потенциалдар хаотикалық фазалық әдіспен құрылған. Потенциалдар ортадағы байланыстырылған күйлердің салыстырмалы қозғалысы мен қарсы соққан бөлшектердің соқтығысу жиілігіне тәуелді алынды. Бөлшектер қозғалысы бағытында потенциалдың сипаттамалық өзгерістері осы параметрлердің шамасына байланысты графикалық түрде көрсетілген.