Төмен дозалы әсер ету ықпалын бағалау мәселесi
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 52
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-129-4-86-92Аңдатпа
. ЭПР спектрометриясының әдiсiнiң мәнi - радиацияның әсерiнен тiстердiң эмалiнде, сәулеленуiне және
оның дозасына тәуелдi, тұрақты радикалдар пайда болады. Бұл эмальдi табиғи дозиметр ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi. Мұндай дозиметрде жинақталған доза туралы ақпаратты тiстiң ЭПР спектрiн оқып алу арқылы аламыз. Табиғи және радиациялық ықпалдандырылған сигналдар ЭПР спектрометриясының негiзгi компоненттерi ретiнде есептелiнедi. Зерттеу үшiн соңғы буынды бұрғылау қондырғыларды қолданып емделген, стоматологиялық белгiлермен жұлынған тiстер алынады. Тiстердi өңдеу кезiнде бұрғылау қондырғыларының айналу жиiлiгi жоғары болған әсерiнен тiс эмалiнде парамагнит орталықтарын қалыптастырады. Механикалық индукцияланған (ықпалдандырылған) сигнал және
радиациялық индукцияланған сигнал бiрдей спектралды аймақта болғандықтан, олардың суперпозициясы дозиметрлiк сигналдың амплитудасының ұлғаюына алып келедi, соның нәтижесiнде тiс эмалiнiң ЭПР спектр көмегiмен қалпына
келтiрiлген дозаның арттыруына әкеледi