Фермиондық және тахиондық өрiстерi бар космологиялық моделi
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 80
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-128-3-16-25Аңдатпа
Бұл мақалада төрт өлшемдегi фермион және тахион өрiстерi бар космологиялық модельмен бiрге гомогендi,
изотропты және тегiс Фридманн-Робертсон-Уолкер әлемi талқыланады. Осы модель үшiн қозғалыс теңдеулер жүйесi табылды. Масштабты фактор үшiн арналған шешiм сипатталған. Алынған параметрлер α > 1 үшiн соңғы байқау деректерiн қанағаттандырады. Қарастырылып отырған модельде қысым терiс және кейiн нөлге ұмтылады. Энергия тығыздығы және қысымы анықталды және қаралып отырған модельдiң қараңғы энергиясына, энергетикалық шарттарына сәйкес келедi. Қалыптылық теңдеуiнiң параметрi ω , тежелу параметрi q және серпiлiс параметрi j болып
табылды. Сонымен қатар, энергия тығыздыұ ρ және қысымы p , күй теңдеуiнiң параметрi ω , тежелу параметрi q және серпiлiс параметрi j теңдеулерi үшiн графиктер тұрғызылды.