Суперионды өткiзгiштегi электрлiк өткiзгiштiктi есептеу
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 61
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-127-2-67-71Аңдатпа
Жоғарғы 500 0 - 900 0 С аралығындағы температура интервалында тұрақты токтың электрлiк өрiсi әсер
етiп тұрғандағы, тұрақтанылған екi тотықты цирконийдiң негiзiндегi , қатты тотықты ионды өткiзгiштiң тоқ өткiзу қабiлетiнiң түрлерiн аналитикалық түрде анықтау мүмкiндiгi қарастырылған. Бiздiң жұмысымыздың негiзгi есептерi, оттегiлi концентрациялық ұяшығындағы қатты тотықты электролиттiң (немесе, қазiргi уақыттағы аты, суперионик) ерекше, яғни, өз денесi арқылы феноменалдық зат тасымалдау қабiлетiн және ондағы қайтымсыз құбылыстарға
математикалық интерпретация беру. Сонымен қатар, мақалада, осы керамикалық заттардың және оларды қолданатын жоғарғы температуралық жағдайлардың диапазонын ұлғайту көрсетiлген. Сонымен қатар, зерттелiп отырған үлгiнiң, электр өрiсiнде аралас өткiзгiш қабiлетiне себеп болатын, аниондар О 2− , катиондар Ме + және концентрациялары n a,k,e
нөлге тең болмайтын, зарядталған q a,k,e электрондардың қозғалтқыштығы анықталған. Тұрақтанылған екi тотықты цирконийдiң негiзiндегi, қатты тотықты суперионды өткiзгiштегi, аниондар мен катиондардың қозғалтқыштықтарын математикалық түрде анықтайтын формула шығарылды