(2+1) өлшемдi F(T) гравитациясының фермиондық өрiспен байланысқандағы космологиялық шешiм
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-127-2-57-66Аңдатпа
Бұл мақалада (2+1) өлшемдi Фридман-Робертсон-Уокер кеңiстiк-уақыттағы фермиондық өрiспен минималды емес байланысқан F(T) гравитациясын зерттеймiз. Лагранж көбейтқiш әдiсiн қолданып, нүктелiк Лагранжианды қорытып, және Фридманның модификацияланған теңдеулерi, фермиондық өрiс үшiн Дирак теңдеулерi анықталды. Нетер теоремасының симметриялық әдiсi тек космологиялық моделдердi орнату ғана емес, сондайақ, нақты шешiмдердi iздеу үшiн пайдалы екенi белгiлi. Берiлген модель үшiн Нетер теоремасы қолдана отырып гравитациялық байланыс, потенциалдың түрiн, симметрия генераторы, F(T) гравитацияның түрiн және бiрiнше интеграл (Нетер заряды) немесе сақталатын шамасын анықтадық. Әлемнiң кеш даму дәуiрiн сипаттайтын дәрежелiк
түрдегi космологиялық шешiмдер алынды. Хаббл параметрi, фермиондық өрiс үшiн қысым және тығыздық, күй теңдеуi параметрi анықталды.
