Фейнмандық диаграммалар толық интегралданатын статистикалық тор жүйесi ретiнде
Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 63
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-127-2-31-37Аңдатпа
Кванттық өрiс теориясындағы көп түйiндi есептеулерге Янг-Бакстер теңдеуiнiң қолданылуын қарастырамыз. Көп түйiндi массасыз Фейнмандық интегралдардың аналитикалық бағалауының негiзгi проблемасы (физикалық қолданылуы тұрғысынан) D-өлшемдi интегралды сипаттау болып табылады. Көп түйiндi массасыз Фейнмандық интегралдардың аналитикалық бағалауы бөлшектеп интегралдау және үшбұрыш әдiсi сияқты күштi әдiстерге негiзделген. Бұл мақалада массасыз скаляр прапогаторлы, толық интегралданатын тор жүйесiне эквиваленттi Фейнмандық диаграмманы қарастырамыз. Бұл жұмыста жоғарғы реттi (D=12) диаграмманы таңдап, кейбiр теңдеулердi дәлелдедiк , статистикалық тордың бөлшектеу функциясын таптық. Сонымен жоғарғы реттi өлшемдер үшiн аталған әдiстердi пайдаланып, статистикалық жүйенiң торын сипаттайтын кейбiр нәтижелердi аламыз.