Бериллий тотығы ұнтағы мен шликерлiк құю әдiсiмен бериллий керамикасын алудың технологиялық ерекшелiктерi
Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 72
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-123-2-41-49Аңдатпа
Мақалада бериллий тотығы ұнтағы мен бериллий керамикасын алудың технологиялық ерекшелiктерi
келтiрiлген. Керамикалық өнiмдер алу үшiн әртүрлi органикалық қоспасы бар термопласт шликерi қолданылады. Формалау сатысында термопласт шликерiнiң құйылу қабiлетi осы дисперстi жүйенiң тұтқырлығына байланысты. Шликер консистенциясының қатты фазаның көлемдiк құрамынан тәуелдiлiгi мен формалау процесiнде шликер тұтқырлығының өзгерiсi анықталған. Құю процесiнiң нақты моделiн құру үшiн эксперимент деректерiне анализ жасалынды. Анализ нәтижесiнде шликердiң әртүрлi құрамы үшiн тұтқырлық, аққыштық шегi мен тығыздығының температурадан тәуелдiлгi мен өзгерiсi алынған.