Тiс эмалiн ЭПР әдiсiмен зерттеу арқылы уранөндiрушi кәсiпорын қызметкерлерiнiң iшкi альфа-сәулелену дозасын бағалау
Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 42
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-123-2-21-26Аңдатпа
Бұл мақала "Ядролық физика" мамандығының PhD докторы дәрежесiн алу мақсатында жүргiзiлген
диссертациялық зерттеудiң тақырыбына арналған. Мақалада радиоактивтi сәулеленудiң бөлiгi болып табылатын iшкi альфа-сәулеленудiң, сонымен қатар жеке мөлшердi ретроспективтi бағалауға жататын әдiстердiң бiрi - тiс эмалы бойынша ЭПР спектроскопияның маңыздылығы көрсетiлген. Осы мақаланың мақсаты уран өндiретiн кәсiпорын қызметкерлерiне радиациялық әсер етудi анықтау мақсатында деректердi алу үшiн таңдалған әдiстiң мүмкiндiктерiн сипаттау болып табылады. Уран өндiретiн кәсiпорын қызметкерлерi үшiн ретроспективтi мөлшердi бағалау өзектi мәселе болып есептеледi, себебi радиациялық сәулеленудiң медициналық зардабын болжау мүмкiндiгi болу үшiн радиациялық әсер қаупiн бағалау қажет. Альфа бөлшек ауыр, дегенмен кiшiгiрiм өткiзу қабiлеттiлiгiне ие. Алайда, адам ағзасы үшiн үлкен қауiп iшкi сәулеленуден болады. өйткенi сәулелену бүлдiру, мутация және азғыруға әкеп соғатын адам ағзасы мен ұлпасына қуатты энергетикалық әсер тигiзедi. Осыған орай, iшкi альфа-сәулелену мөлшерiн бағалау басым бағыт болып
табылады.